Мәжіліс спикері халықпен бірге дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мәжіліс спикері халықпен бірге дауыс берді

Мәжіліс спикері халықпен бірге дауыс берді

Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов сайлау уческесіне келіп, өз таңдауын жасады. Мәжіліс спикері жұбаймен бірге Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне келіп, халықпен бірге дауыс берді. Бұл сайлау учаскесіне екі мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Таңғы сағат 7-де ашылған сайлау учаскесіндегі сайлау барысын 14 байқаушы бақылып отыр. Олардың үшеуі халықаралық ұйым атынан келген. Мәжіліс спикері бүгін ел болашағы үшін маңызды күн,- дейді. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Әр сайлаудың өз ерекшелігі бар ғой, бұл сайлау мемлекетіміздің болашағы үшін бұл сайлаудың орны ерекше. Мен еліміздің болашақ дамуы үшін дауыс бердім. Елеміздің бай-қуатты болуы үшін және оң өзгерістер болып аяғына дейін жеткізіліп, аяқталуы үшін.


Бөлісу