Премьер-Министр әкімдіктердің жұмысын сынға алды
Әкімдіктер тек қала орталығымен шектелмеуі керек. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов назардан тыс қалатын қаланың шет жақтарын көркейтуді тапсырды. Үкімет отырысында қалаларды көгалдандыру мен абаттандыру шаралары қаралған болатын. Премьердің айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. «Десе де азаматтардан тротуарлар мен жарықтың жоқтығына, жасыл желектің аздығына жиі шағымдар түседі»,- деді Бектенов. Сондықтан әкімдіктерге бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Әкімдіктер қала орталығын ғана абаттандырумен шектелмей, шеткі аумақтарды да назардан тыс қалдырмауға тиіс. Кейбір скверлерге немесе қоғамдық орындарға «қамқорлық жасау» үшін бизнес пен ірі кәсіпорындарды тартуға болады. Шағын бизнес те іргелес жатқан аумақты күтіп-ұстауды жақсы дәстүрге айналдыруы керек.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner