Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Оңғар Алпысбайұлы


Бөлісу