Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық Олимпиада комитетінің президентін қабылдады. Геннадий Головкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде баяндады. Оның айтуынша қазір Халықаралық Олимпиада комитеті және Азия Олимпиада кеңесімен байланыс жанданып келеді.

Сондай-ақ спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобалар мен ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары жайлы да айтылды. 

Досжан Маратұлы

Бөлісу