Елімізде алғаш рет ЮНИСЕФ қайырымдылық гала-кешi өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде алғаш рет ЮНИСЕФ қайырымдылық гала-кешi өтеді

Елімізде алғаш рет ЮНИСЕФ қайырымдылық гала-кешi өтеді

Елімізде алғаш рет ЮНИСЕФ гала-кеші өтеді. Ауқымды қайырымдылық шара қарашаның 29-на жоспарланған.

Қазақстандық бизнес көшбасшылары мен танымал тұлғалардың басын біріктірер кештің мақсаты – балалардың өмір сүру сапасын арттыру. Халықаралық ұйым өкілдерінің зерттеулері бойынша, кейінгі бес жылда еліміздегі ерекше балалардың саны біршама артқан. Бүгінде мектеп жасындағы 3 млн-ға жуық жеткіншектің 188 мыңдайы инклюзивті білім алуды қажет етеді. Олардың басқа балалармен терезесі тең болып, цифрлық дағдыларын дамыту үшін инфрақұрылымды дамыту керек.

Гала-кеште балаларға қатысты осы және өзге де мәселелер көтеріледі. Эксклюзивті өнер туындылары мен бұйымдар аукцион арқылы сатылып, түскен пайда балалардың қажеттілігіне жұмсалады, - дейді ЮНИСЕФ қорының Қазақстандағы өкілі.

Рашед Мустафа Сарвар, UNICEF қорының Қазақстандағы өкілі:

Нью-Йорк, Лондон, Токио сияқты әлемнің ірі қалаларында мұндай гала кештер дәстүрге айналғалы қашан. Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі жатыр. Мақсатымыз - қазақстандық балалардың мәселелеріне назар аударту. Өскелең ұрпақтың өмірін жақсартуға арналған бағдарламаларме таныстыру. Қазақстандағы жанашыр жандардың бірлестігін нығайту.

Қаракөз Тұрмағанбет


Бөлісу