Республикалық жолдарда 23 электрқуаттағыш станция жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Республикалық жолдарда 23 электрқуаттағыш станция жұмыс істеп тұр

Республикалық жолдарда 23 электрқуаттағыш станция жұмыс істеп тұр

Еліміздегі республикалық маңызы бар тас жолдарда 23 электрмен қуаттағыш станция қолданысқа берілді. Көлік министрлігінің мәліметінше, олар бірнеше трассаның бойында орналасқан. Бүгінде Екатеринбург – Алматы тас жолында 7 станция, Астана мен Петропавлды жалғайтын күре жолда 6 станция бар. Электромобиль тізгіндеген жүргізушілерге жағдай жасалған тағы бір трасса – «Ташкент - Шымкент - Тараз – Алматы». Мұнда бес станция орнатылған. «Алматы - Шелек - Қорғас» және «Алматы – Өскемен» трассаларында екеуден, ал «Астана – Павлодар – Үспен» тас жолының бойында бір станция жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта республикалық маңызы бар күре жолдарда тағы бірнеше станция салу жоспары бар, – деп мәлімдеді Көлік министрлігі. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Бөлісу