Жетісу облысында жаңа зауыттың құрылысы басталды
Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Кәсіпорын «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында орналасады. Зауыт салуға тартылған инвестиция көлемі 40 млн АҚШ доллары. Алғашқы кезеңде 300 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ. Қазақстан мен Қытай елінің бірлескен жобасы жылына жел генераторларының 250, энергия жинақтау жүйесінің 100 жиынтығын шығарады деп жоспарлануда. Өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, қалған 40 пайызы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын келесі жылы іске қосылады.
Дінмұхамед Ыдырысов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы:
Қазір тәуліктің қарбалас кезінде 10-15 пайыз электр қуатын Ресейден үш есе қымбатқа сатып аламыз. Бұл соның бәрін түсіруге көмектеседі. Қуат жинақтайтын батареялар өте маңызды. Себебі бізде түнде электр керек емес кезде электр қуаты бос не арзан кетеді. Ал кешке немесе таңғы уақытта қымбатқа алынады. Біз сол түнгі электр энергиясын жинап алсақ, арзанға беруге болады. Ол барлық жерге керек.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner