Ақтауға 95 тонна картоп жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтауға 95 тонна картоп жеткізілді

Ақтауға 95 тонна картоп жеткізілді

Маңғыстауда тұрақтандыру қорына өзге өңірлерден 95 тонна картоп жеткізілді. Аймақта картоптың келісі 350 теңгеге жеткен.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

15 тонна картоп облыстағы тұрақтандыру қорына Павлодар, Қарағанды және Орал өңірлерінен жеткізілген. Оған қоса 5 тонна сәбіз бен 7 тонна жуа әкелінді. Картоптың сапасы өте жақсы. Бағасы - 168 теңге. Жергілікті атқарушы органдар мен 12 ірі сауда желісі арасында осындай әлеуметтік маңызды тауарларды белгіленген бағада сату жөнінде келісім жасалған. Сол сауда желілері бұл картопты 178-184 теңгеден асырмай сатып жатыр. Олар тек 10 пайыз қосуға құқылы. Ал бағаны шарықтатып отырғандар көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер. Оларда картоп 310-350 теңгеден сатылуда. Кәсіпкерлер қымбатқа алдырып, оған жеткізу құнын және 15 пайыз тағы қосып отыр, дейді мамандар.

 15 тонна жеткілікті ме, өңірде картоп тапшылығы бар ма?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Жалпы, облыстағы 800 мыңдай халық жылына 76 мың тонна картоп тұтынады. Бірақ қыста, жазда тұтыну көлемі өзгеріп тұрады. Бұл 15 тоннадан бөлек өңірге тағы 80 тонна картоп әкелінген. Оны көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер алдырып отыр. Ал тұрақтандыру қорына апта соңында тағы да 75 тонна картоп жеткізілмек. Яғни тапшылықтың алдын алу үшін келісілген мердігерлер өнімді қажетіне қарай әкеліп отырады.

Аягөз Оралбайқызы

Бөлісу