Сотталған әйелдер арасында кімдер рақымшылыққа ілігеді?
Сотталған әйелдер арасында кімдер рақымшылыққа ілігеді? Мұны Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден нақтылады. Жүкті әйелдер мен көпбалалы аналар, алғаш сотталғандар мен жасы 60-тан асқандарға амнистия жасалуы мүмкін. Алайда зорлық-зомбылық жасаған немесе қоғамға қауіп төндіретін басқа да аса ауыр қылмысқа барғандар бұған ілікпейді. Депутаттың әйелдерге рақымшылық жасау туралы ұсынысын Ішкі істер министрлігі қолдаған болатын. Бүгінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 6399 әйел жазасын өтеп жатыр, оның 2692-сі түрмеде.
Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жалпы, амнистия не үшін? Балалардың жағдайы, отбасы институтын сақтап қалу үшін ғой. Қазір түрмеде жатқан әйелдердің саны 2700-ге жуық. Пробациялық бақылауда жүрген әйелдер саны 3 мыңнан асады. Түрмеде жатқан әйелдерден туған балалардың саны мың жарым болып тұр. Сол балалар үйде анасын күтіп отыр. Алдымен сондай аналар қарастырылса деп ойлаймын.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner