Астанадағы «Достық» үйінде түрлі этнос жастары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанадағы «Достық» үйінде түрлі этнос жастары бас қосты

Астанадағы «Достық» үйінде түрлі этнос жастары бас қосты

«Біздің басты байлығымыз - жер астында емес, жер бетінде. Ол – халқымыздың бірлігі». Осылай деген «Ауыл» партиясының төрағасы Достық үйінде түрлі этнос жастарымен кездесті. «Ел жастарының бірлігі – береке бастауы» атты шарада халық бірлігі, ұлт тұтастығы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық сынды тақырыптар талқыланды. Одан бөлек, партия қатарына жаңадан қабылданған жастарға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды. Жиынға қатысушы түрлі этнос өкілдері мінберге шығып, өз ой-пікірін білдірді.

Альбина Девивье, студент:

Ес білгелі қазақ тілінде сөйледім, ауылда тұрдым. Ата-анам, ауыл-аймақ қазақ тілінде сөйлеген соң, мен де сіңісіп кеттім. Балалар көретін мультфильмнен бастап, фильмдерге дейін қазақ тілінде болса деген ұсынысымды айттым.

Аида Ахметбек

Бөлісу