Заңдағы мәтіннің дұрыс аударылуы үшін сөздік жазылды
Заңнын қазақ тіліндегі мәтінінде мағыналық қателер бар. Себебі сөйлем құрылымы ауыр, әлі де түзетуді талап етеді. Осылай деген Сенат депутаттары мен заңгерлер Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте бас қосты. Шарада «Қазақ-орыс заң сөздігі» атты кітап таныстырылды. Автордың айтуынша, орыс тіліндегі бір ғана сөз қазақ тілінде 5 бірдей мағына беруі мүмкін. Сондықтан ол заң терминдерін бірізді етіп аударған.
Сағидолла Баймұрат, Maqsut Narikbayev University профессоры, заңгер:
Заңдағы жазылудың бірден-бір проблемасы - аудармашылар, филологтар аударған кезде юридикалық категориядан, мысалы, приобретение деген сөз бар. Оны әртүрлі етіп жаза береді. Бір жерде алу, сатып алу, иелену, иемдену дейді. Олай дұрыс емес. Қазір бір жаңа заң жобасы шықса, осы кітапты қолдансын. Қандай сөз жетпей жатырғ соны талқылайық. Түзету мен толықтырулар енгізуге дайынбыз.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner