Шизофрения диагнозы бар жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша ауруханада тексеріс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шизофрения диагнозы бар жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша ауруханада тексеріс басталды

Шизофрения диагнозы бар жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша ауруханада тексеріс басталды

Шизофрения диагнозы бар жасөспірімді «санитарлар ұрып-соқты» деген дерек бойынша ауруханада қызметтік тексеріс басталды. Бүгін сот-медициналық сараптама жүргізілуі тиіс. Қорытындысы 5 күннен кейін белгілі болады. Бұл туралы психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Алмагүл Айтжанова мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жасөспірім жатқан палатадағы бейнебақылау камерасы да тексеріледі. Ал «ұрып-соқты» деп айыпталған қызметкерлер қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бірнеше апта бұрын Астанада лифтіде 14-жастағы жасөспірімнің 5 жасар баланы пышақтаған видеосы тараған еді. Көп ұзамай оның шизофрения дертімен ауыратыны анықталды. Ал күні кеше анасы баланы бейнекамерасы жоқ ересектерге арналған бөлімге жатқызылғанын, ондағы қызметкерлер қол көтергенін айтып шағымданды.

Алмагүл Айтжанова, қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары:

Құзырлы органдар, «102-ден» қызметкерлер келіп, баламен, анасымен сөйлесті. Кезекші дәрігер, кезекші медбике бәрі қосылып, баланың жағдайын тексерген. Денесі көгерген, ұрып-соққанын белгілері жоқ. Сонда да қызметтік тексеріс басталды.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу