Өзбекстанда ұсталған экс-шенеунік Қазақстанға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Өзбекстанда ұсталған экс-шенеунік Қазақстанға жеткізілді

Өзбекстанда ұсталған экс-шенеунік Қазақстанға жеткізілді

Өзбекстанда ұсталған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға жеткізілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Тимур Садуақасов қазір Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында. Жуырда оны Павлодар облысына жеткізеді. Экс-шенеунікке алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылып отыр. Ол қазақ-өзбек шекарасын заңсыз кесіп бара жатқан жерінен қолға түсті. 

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу