Қарағандыда «Amanat» партиясының «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қарағандыда «Amanat» партиясының «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті

Қарағандыда «Amanat» партиясының «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті

Қарағандыда «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Еңбегі жанған арулар» атты жұмысшы әйелдер форумы өтті. Онда өңірдің дамуына үлес қосқан қыз-келіншектер марапатталып, оларға сертификат пен алғыс хат табысталды. Олардың дені тракторист, механизатор, сауыншы, тоқымашы, тігінші секілді қарапайым жұмысшылар.

Арайлым Байдашова, тракторшы:

Қазір көбі ауылға келгісі келмейді. Тракторды жолдасыма көмектесу мақсатында 5 жыл бұрын үйрендім. Қазір жолдасым екеуміз шағын шаруа қожалықты жүргізіп отырмыз. Әрі қарай үлкен бір фермеріміз болады деген үміттеміз. Еңбектену керек деп ойлаймын. Еңбектенсең - еңбегіңнің жемісін көресің.

Жандос Бақытұлы

Бөлісу