Алматыда мерзімі өткен дәрілерді қабылдайтын орындар ашылды
Алматыда дәрілік заттарды экологиялық түрде кәдеге жаратуға арналған стационарлық қабылдау орындары ашылды. Маусым айынан бастап №36 қалалық емханада арнайы контейнерлер орнатылып, тұрғындар қолданылмаған, жартылай пайдаланылған немесе сақтау мерзімі өтіп кеткен дәрілік препараттарды тапсыра алады. Жоба «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясының аясында жүзеге асқан.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, дәрілік заттар қауіпті қалдықтар санатына жатады. Оларды дұрыс жоймаған жағдайда белсенді заттар топырақ пен суға өтіп, жылдар бойы сақталып, табиғи экожүйелердің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұған қоса адам денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, дейді мамандар.
Жансая Нұрмолда, дәрігер-эпидемиолог:
Осы медициналық қалдықтар бізде 5 класқа бөлінеді. Осының арасында А, Б және В класын біз жинап, арнайы кабинетке сақтап одан кейін келісімшартқа отырған компания алып кетіп, қауіпсіз түрде жояды. Бұған дейін тұрғындардың қауіпсіз, экологиялық түрде жою керектігін туралы хабары болмады. Енді акция басталып жатыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner