Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді - Еңбек министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді - Еңбек министрлігі

Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді - Еңбек министрлігі

Бейне қолжетімді емес

Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді.

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді.

«Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінде 743 мың адам осы шараларға тартылды. Оның ішінде Еңбек бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз грант берілді», - деді министр. 

Министрдің айтуынша, қысқа мерзімді оқытумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберіледі.

Автор
Редакция
Бөлісу