Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Бейне қолжетімді емес

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Асылбек Смағұловтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин. 

Палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Автор
Редакция
Бөлісу