Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды

Павлодар облысында полиция көлігі мектеп оқушыларына қалқан болды

Бейне қолжетімді емес

Павлодар облысында автобус толы мектеп оқушылары жол апатынан аман қалды. Оқиға «Павлодар-Астана» тасжолы бойындағы Қалқаман кенті маңында болған. Куәгерлердің мәліметіне қарағанда, қарсы беттен келе жатқан КамАЗ көлігі ережені бұзып, қарама-қарсы бағыттың жолағына түскен. Автобусқа жолбасшы болып келе жатқан полицейлер осы кезде  қызмет көлігімен кесе-көлденең тұрып, оқушыларға қалқан болған.

Апаттың себебі анықталып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

Автор
Редакция
Бөлісу