Елордада сиырды кранмен көтерген құрылысшылардың әрекеті қызу талқыға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елордада сиырды кранмен көтерген құрылысшылардың әрекеті қызу талқыға түсті

Елордада сиырды кранмен көтерген құрылысшылардың әрекеті қызу талқыға түсті

Салынып жатқан үйдің төбесіне сиырды құрылыс кранымен көтергендер ұсталды. Нұр-Сұлтан қаласында жасалған бұл әрекет қоғамда қызу талқыға түсті.

Оқиға Елордадағы Нәжімеденов көшесі бойындағы көпқабатты үй құрылыстарының бірінде болған. Бұл тосын көріністі куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрде ірі қараның тірі екенін көруге болады. Полицейлер оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр. Оларға заңға сәйкес шара қолданылады. Ал, салынып жатқан ғимарат құрылысының басшысы болған жайт үшін халықтан кешірім сұрап, ірі қара малды құрбандыққа шалмақ болғанын айтты.

Амангелді Сейітхан


Автор
Редакция
Бөлісу