EURO 2020: Португалия жеңіске жетуі мүмкін - сарапшы
Көптен күткен Еуропа чемпионатында бақ та, бап та сыналады. Кәрі құрлықтағы тартысты бәсекеге кіл мықтылар жиналған. Жеңіс тұғырынан көрінетін құраманы дөп басып айту да, болжау да қиын. Чемпионаттың алғаш рет 11 елде өтуі – әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлері үшін үлкен сый болды. Атағынан ат үркетін спортшылар арасында жаңа есімдер де бар. Бапкерлер оларға үлкен үміт артып отыр. Оның үстіне бірнеше құрамалар топтық кездесулерін өз алаңында өткізеді. Мұның оларға теңдессіз қолдау болары сөзсіз. Десек те, чемпионатта тұсауы кесілетін Финляндия мен «Уэлс» құрамасына үлкен үміт артылған.
Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
Кіп-кішкентай ғана ел Еуропа чемпионатына қатысып отырған. Бір бағы жанса деген ойдамын. Ал негізі чемпион болады-ау деген команда Португалия секілді. Өзінің 2016 жылғы жетістігін қайталайды. Барлығын уақыт көрсетеді.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner