Қазақ радиосына – 100 жыл. Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ радиосы» студиясы ашылды
Бейне қолжетімді емес
Қазақ радиосының 100 жылдығы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай ЕҰУ-де «Қазақ радиосы» студиясы ашылды.
«Мерейтойға халықтық сипат беру мақсатында жыл басынан бері кешенді түрде бірқатар жоспарлы шаралар жүзеге асырылды. Тарихы Қазақ радиосымен тығыз байланысты Қызылорда, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларына көше атауы берілсе, күні кеше Алматыдағы қарашаңырақта мемориалдық тақта ашылды. Бүгінгі ашылып отырған аудитория жастардың маман болып қалыптасуына зор септігін тигізетін болады. Осы жерде тәрбиеленген жастар болашақта қатарымызға білікті маман болып қосылатынына сенеміз. Алдағы уақытта «Қазақстан» телерадиокорпорациясы университеттерде білім алып жүрген жоғары курс студенттеріне арналған тегін оқу алаңын ұсынады. Салада мықты мамандардың даярланып шығуына біз әрдайым мүдделіміз», - деді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай радиостудияның ашылу салтанатында.
«Шалқар» радиосының эфирінде Еуразия Ұлттық университетімен бірлескен жастардың «Сұңқар» радиостудиясы, Қазақ радиосында «Заманмен сұхбат» бағдарламасы бар. Бір жылдан бері бірлескен 60-қа жуық бағдарлама жасалды.
Ашылу салтанаты аясында өткен «Ғасыр жасаған Қазақ радиосы: бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстелде Қазақ радиосы өткізген Әнуарбек Байжанбаев атындағы «Көркемсөз шебері» республикалық дикторлар байқауының жеңімпазы марапатталды. Байқау жеңімпазы болып Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Серік Әбіл таңдалды.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner