Аустрия астанасында қазақ киносының күндері өтті
Бейне қолжетімді емес
Үстіміздегі жылдың қазан айында Венадағы «Штадкино» (Stadtkino) кинотеатрында Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен Қазақстан кино күндері өткізілді. Фильмдердің көрсетілуіне дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізілген кинокөрсетілімде жергілікті көрермендерге отандық кинематограф - Ақан Сатаевтың «Томирис» және шетелдік жариялануында «Париж әні» ретінде танымал режиссер Джефф Весптің «Әміре» фильмдері ұсынылды.
Аустрия астанасында кино көрсетілімін ашқан Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Омаров Қазақстанның қалыптасуындағы ең маңызды тарихи сәттерді бейнелеген, кейіннен қазіргі заманғы мемлекеттілікті құрудың кілті болған фильмдердің тарихы туралы айтып берді.
«Томирис фильмін көргенге дейін қазақ киносымен таныс емес едім. Жағымды таң қалды. Сюжет тартымды, актерлер бұйырған рөлдерді жоғары деңгейде ойнап, фильм үлкен қызығушылық танытады. Браво!» - деп өз пікірімен саяхат, табиғат және әлемдік мәдениет тақырыптарына арналған «Arcadia TV» телеарнасының бас директоры Р. Баумгартнер бөлісті.
«Қазақ киносы күндері - бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениетін бағалау үшін әріптестермен және достармен бас қосудың тамаша мүмкіндігі. Әсіресе, «Париж әні» (Әміре) көрсетілімі ұнады. Әміре Қашаубаевтың сыңғыр дауысының архивтік дыбыс жазбалары осы толықметражды фильм арқылы әлемдік аудиторияға қолжетімді екені керемет» - Доктор О'Брайен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы кеңсесі.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner