Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды

Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды

Бейне қолжетімді емес

Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

«Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңажылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады»,- делінген хабарламада.

Ал жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайды.


Автор
Редакция
Бөлісу