2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Бейне қолжетімді емес

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды.

Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі  Өзбекстаннан (76,2%), Қытай - 9,7%, Түрікменстан - 6%, Моңғолия - 2,5% және басқа елдерден 5,7% келген.

Олар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанған.

Биыл 1 желтоқсандағы статистика бойынша еңбекке қабілеттілер саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша - 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.

Автор
Редакция
Бөлісу