Суретші Жанұзақ Мүсәпірдің жеке көрмесі ашылды
Тәуелсіздік – тұғырым! Құдіретім – қылқалам! КСМ: Елорда төрінде осы тақырыпта белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпірдің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Қылқалам шебері 60 жылдық мерейтойына орай келушілер назарына 60 картинасын ұсынып отыр. Олардың арасында Түркі әлемінің мәдени астанасы -Түркістан, ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тақырыбындағы бірегей туындылар мен портреттер бар. Ұлттық музейде өткен шара аясында қылқалам шеберінің авторлық кітап-альбомының таныстырылымы өтті. Туындыға суретшінің еңбектері мен өмірінен сыр шертетін фотосуреттері еніп отыр.
Жанұзақ Мүсәпір, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына үлесімді осы өнеріммен қоссам деген ойым бар. Әрбір қазақстандық тәуелсіздікке іштей болса да, сырттай болса да қуанып жатады ғой. Сол қуанышты әркім әрқалай жеткізеді. Мен өз қуанышымды осы картиналарым арқылы жеткізгім келді».
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner