«Алтын домбыра» иегері анықталды
Азаттыққа арналған аламан айтыста «Алтын домбыра» иегері анықталды. Ол елдің ықыласында жүрген, азулы ақын – Бекарыс Шойбеков. Бұдан бөлек жыр бәйгесінде бәсі биік Еркебұлан Қайназаров бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісін алды. Екі күн қатарынан өткен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» республикалық додаға «Nur Otan» партиясы қолдау танытқан. 11 жұп көрерменді өрелі өнері мен өрнекті сөзімен сусындатты. Егемендік еңсерген үлкен істер мен соның жолында аянбай күрескен тұлғалар туралы толғатты.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында біздің тіліміз, діліміз, төл мәдениетіміз – айтыс өнері дамып келе жатыр. Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасын бастады. Қаншама мәдениет ошақтары жөндеуден өтті. «Ұлы даланың 7 қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылды. «Nur Otan» халықтық, Тәуелсіздіктің партиясы ретінде әрқашан руханиятымызды, отбасымызды, төл мәдениетімізді, дәстүрлі музыканы біз қолдаймыз.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner