Солтүстік Қазақстанда құлдыраған ауыл қайта түледі
Солтүстік Қазақстанда картадан жойылып кеткен елдімекен қайта түледі. Айыртау ауданындағы Прекрасное елдімекенінде 15 жыл бойы жалғыз адам тұрып келді. Облыс орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан туған ауылына көшіп барған кәсіпкер жаңа үйлер салып, тіршілігін қайта түлетті. Соңғы үш жылда 29 баспана бой көтерсе, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген азаматтар қоныстанады. Егін шаруашылығымен айналысатын Бақыт Құсайынов ауылдастарын жұмыспен қамту мақсатында сүт-тауарлы ферма да ашты. Қазір өндіріс орнында 36 адам еңбек етеді.
Бақыт Құсайынов, кәсіпкер:
Медициналық пункт, тұрғындардың бос уақытын өткізуге арналған орталық, дүкен мен шаштараз салу жоспарда бар. Бәрінің жобасы дайын. Биыл қазандықты іске қосып, әр үйге су тарттық. Қаладағы жағдайды жасадық. Осының барлығын туған жерімді көркейту үшін істеп жүрмін.
Лариса Боровская, Прекрасное ауылының тұрғыны:
Тұрақты жұмыс бар, жалақымыз жақсы. Өз баспанамызға ие болдық. Жамбыл облысынан келгенбіз. Ол жақта үй алу қиын. Өзім фермада сауыншы болып жұмыс істеймін. Жолдасым – фельдшер. Екі қызым көрші ауылға қатынап оқиды. Бақыт Мәжитұлы оқушыларды көлікпен қамтамасыз етті. Тіпті пеш жағудың қажеті жоқ. Барлық жағдай жасалған.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner