Италия елшілігі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Италия елшілігі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Италия елшілігі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады. 1991 жылы Тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы елдердің бірі – Италия еді. Сондықтан биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа да 30 жыл толып отыр. Шарада италиялық заманауи суретші Луиза Валентинидің «Раушан» инсталяциясы таныстырылып, Ұлттық музейге сыйға берілді.

Марко Альберти, Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

«Раушан» инсталяциясы біздің Қазақстанға деген сый-құрметімізді білдіреді. Сондықтан дәл осы картинаны таңдадық. Екі ел арасындағы достық жалғасын тауып, саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жалғасын табады деген сенімдеміз.


Автор
Редакция
Бөлісу