«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы эфирге шығады

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы эфирге шығады

Бүгін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев туралы «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясы эфирге шығады. 6 бөлімді туынды қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаның өмірі мен еңбек жолына негізделген.

Туындыда XX ғасырдағы қазақ халқының тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, қазақ жерінде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі.

Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қарсақбай кентінде өтті. Туындыда Қаныш Сәтбаевтың рөлін актер Әсет Есжан, Таисия Кошкина (Сәтбаева) сомдайды.

Телехикая режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары – режиссер Әмір Әменов пен Ален Рахметалиев.

«Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясы «Qazaqstan» телеарнасынан 27-29 желтоқсан күндері 20:35-те эфирге шығады.

Автор
Редакция
Бөлісу