Көмекке мұқтаж отбасылар баспана жалдау құнының 50 пайызын субсидиялау туралы бастаманың кейбір тұсына алаңдаулы
Алматыда көмекке мұқтаж отбасылар баспана жалдау құнының 50 пайызын субсидиялау туралы бастаманың кейбір тұсына алаңдаулы. Олар пәтер иелерімен келісімшартқа отырып, тиісті құжаттар өткізе алмағандықтан, мемлекет қолдауынан қағылуымыз мүмкін деп отыр. Сондықтан жобада осындай жәйттер ескерілсе деген ұсынысы бар.
Дариға Сеитова аумағы 10 шаршы метрден аспайтын мына қуықтай бөлмені отбасымен бірге бес жылдан астам уақыт паналап отыр. Бөлек пәтер жалдауға жағдайы жоқ. Өйткені, күйеуінің жалақысы тамақтан артылмайды екен.
Дариға Сеитова, қала тұрғыны:Егер мемлекеттен көмек болып жатса 50 пайызын төлеп беретін үйлер болса мен міндетті түрде шығатын едім. Өйткені маған кең жер керек. Екі балам бар, балалар өсіп келе жатыр.
Дегенмен, Дариғаның көмек алуға қатысты алаңдаушылығы да жоқ емес. Себебі, Үкімет әзірлеп жатқан жаңа жобаға сәйкес пәтер жалдаушы тиісті құжаттар ретін ұсынуы тиіс. Оның ішінде меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған келісім болу міндетті.
Марғұлан Шыныбаев, заңгер:Шартқа тұру тиімсіз болып жатады. Оған қарағанда қаранғы салықсыз, көлеңкеде жүрген артық енді. Бірақ, ол әлеуметтік көмек алу үшін кедергі болуы мүмкін. Сондықтан олай болмас үшін, шығу жолы қандай? Шартты бір жылға дейінгі мерзімге қоюға болады. Одан кейін ай сайын ЕСП төлесе болады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазір жеке кәсіпті тіркеу едәуір жеңілдетілген. Соған сәйкес пәтерін жалға беруді заңдастырушылар қатары да артқан. Мәселен, Алматыда 18 мыңнан астам жеке тұлға тіркелген.
Айжан Есболқызы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі:Жеке кәсіпті тіркеген кезде азамат арнаулы салық режимін таңдауы қажет. Патент негізінде немесе оңайлатылған декларация бойынша тіркеледі. Патент негізнде 1 пайыз, оңтайлатылған декларация бойынша 3 пайыз төлеу керек.
Бүгінде Алматыда 32 000-нан астам адам баспанаға мұқтаж. Олардың қатарында мүгедектер, көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорында есепте тұрғандардың басым бөлігі пәтер жағалап жүр. Ал, қалада жалдау құны соңғы бір жыл ішінде 40 процентке өскен. Сондықтан мемлекет қолға алған жобаның тиімді боларына алматылықтардың үміті зор.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner