Шетелдердегі отандастарымыз дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шетелдердегі отандастарымыз дауыс беріп жатыр

Шетелдердегі отандастарымыз дауыс беріп жатыр

Мәскеудегі нөмірі 265 сайлау учаскесінің ашылғанына екі сағаттан асты. Сол уақыттан бері 50-ден астам адам дауыс берді. Одан бөлек Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мен Астрахандағы бас консулдықтарда да дауыс беру орындары ашылған. 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға арнайы сыйлықтар табысталып жатыр.

Нұрғали Жаникулов, байқаушы:

Қазіргі таңда ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Жалпы Мәскеу қаласы бойынша 2000-ға жуық адам дауыс береді деп күтілуде. Таңғы жетіден бастап келдім, азаматтарымыз өте белсенді атсалысып жатқанын атап өткім келеді.


Автор
Редакция
Бөлісу