Астанадағы 400-ден астам учаскеде тұрғындардың дауыс беруіне жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанадағы 400-ден астам учаскеде тұрғындардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Астанадағы 400-ден астам учаскеде тұрғындардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Елордада да сайлау науқаны қыза түсті. Учаскелерге ағылған халықта мерекелік көңіл-күй басым. Олардың ішінде танымал тұлғалар да бар. Астанадағы 400-ден астам учаскеде тұрғындардың дауыс беруіне жағдай жасалған. Астанада Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауы қызу жүріп жатыр. Таң атпай дауыс беруге асыққан азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін учаскелерде музыка қосылған. Ал өз таңдауын жасап үлгерген тұрғындар осылайша елдің дамуына үлес қосатынына сенімді. Олардың ішінде танымал саясаткерлер, өнер адамдары да, қарапайым тұрғындар да бар. Солардың бірі – астаналық Нұрмұхамед Күдеров. Ол сайлауға келіп өз таңдауын жасау – әр адамның міндеті деп біледі.

Нұрмұхамед Күдеров – қала тұрғыны:

Арнайы келіп депутаттық сайлауына өз дауысымызды бердік. Бұл дауысты берген себебіміз – даус беру кез келген Қазақстан азаматының міндеті деп ойлаймын. Өйткені бұл біздің болашағымызды белгілейді.

Сайлаудың әділ жүруін байқаушылар қадағалап отыр. Олар түрлі ұйымдардан келген. Ішінде саяси партиялармен қатар қоғамдық бірлестіктер де бар. Белсенділер биылғы сайлауда заң бұзылмауы үшін барын салуға дайын. Ал байқаушылар алаңсыз жұмыс істеуі үшін учаскелерде барлық жағдай жасалған.

Қайрат Бедиев – «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінің байқаушысы:

Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Болашақта көре жатармыз. Енді басталып жатыр. Жалпы ойымыз жаман емес. Жақсы болатын шығар деп ойлаймыз. Өйткені өздеріңіз көргендей қаншама бақылаушы отыр. Бір адам емес, екі адам емес, он шақты адам отырмыз. Сондықтан барлығы дұрыс болатын шығар деп ойлаймын.

Сайлау күні Астанада 416 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал ел бойынша 12 мыңнан астам учаске қызмет етеді. Дауыс берушілер саны 12 миллион шамасында.

Серік Селеубайұлы

Автор
Редакция
Бөлісу