Ақмола облысында бүгін 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Ал Ақмола облысында бүгін 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Осы сағатқа тұрғындардың 60 пайыздан астамы дауыс берді. Аудандар мен қаладағы электорат та өз таңдауын жасады. Жалпы облыстағы сайлаушылар саяси додаға жақсы қатысып жатыр. Ұмсындық Наурызбаева соңғы ақпараттармен тікелей эфирде бөлісуге әзір.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Ия, Гүлназ, мен қазір Көкшетау қаласындағы нөмірі 36-ыншы сайлау учаскесінде тұрмын. Мұнда тіркелген екі мыңнан астам адамның басым бөлігі осы уақытқа дейін дауыс беріп қойды. Дегенмен, мұнда адамдар әлі де көп келіп жатыр. Қазір менің қасымда жаңа ғана өз таңдауын жасаған қала тұрғыны Ерлан Наурызбаев тұр. Ерлан Амангелдіұлы, жалпы өзіңіз үшін бұл сайлаудың маңыздылығы неде?
Ерлан Наурызбаев, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Соңғы 20 жылдан кейін болып жатқан бір жаңалық-мажоритарлық жүйе бойынша бір мандатты депутаттардың сайлауға түсіуі. Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сонымен қатар, облыстық, аудандық мәслихаттарда болып жатқан өзгерістер. Облыс мәслихатында елуде елу, елу пайыз пропорциялық тәсілмен партиялық тізіммен, 50 пайызы бір мандатты депутаттар еніп жатыр. Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймыз. Сондықтан, сайлауға келіп, өзімнің дауысымды бердім. Өз таңдауымды жасадым.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Сұхбатыңызға рахмет! Сайлау барысында осы уақытқа дейін ешқандай заңға қайшы жағдайлар тіркелген жоқ. Жалпы, облыстағы 728 сайлау учаскенің 28-і уақытша орындарда ашылған. Оларда 517 мыңнан астам адам өз таңдауын жасай алады.
Ұмсындық Наурызбаева
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner