Маңғыстауда осы уақытқа дейін сайлаушылардың 54 пайызы таңдау жасаған
Ал маңғыстауда дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Осы сағатқа дейін сайлаушылардың 54 пайызы таңдау жасаған. Аягөз Оралбайқызы соңғы ақпараттармен бөлісуге әзір, Аягөз, өзің тұрған учаскеде сайлаушылардың белсенділігі қалай?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы кеш, Армангүл , мен қазір №51 сайлау учаскесіндемін. Дауыс беру жалғасып жатыр. Саяси науқанның барысын 20 ға жуық байқаушы мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылап отыр. Қазір менің жанымда сайлау учаскесінің төрағасы Ақбибі Шағыраева тұр. Ақбибі Қолдағанқызы, -дауыс берушілердің белсенділігі қалай?
Ақбибі Шағыраева, №51 сайлау учаскесінің төрағасы:
Сағат 10-нан кейін адам көп болды. Қазірде келіп жатыр. Кезек күттірмеу үшін, комиссия мүшелері барын салып жатырмыз.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Рахмет. Аймақта 247 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Барлығы 137 кандидат бар. Осы уақытқа дейін 418 мыңнан астам сайлаушының 54 пайызы яғни 226 мыңға жуық адам дауыс берді. қазір мен Сөз кезегінҚарағандыдағы әріптесім Русланға беремін.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner