Еліміздің батыс аймағында дауыс беру енді аяқталды
Еліміздің батыс аймағында дауыс беру енді аяқталды. Қазір бізбен тікелей эфирге шығуға өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы әзір тұр. Ардақ, алғашқы қорытындылар белгілі болды ма?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Оралда дауыс беру енді ғана аяқталды. Қазір біз облыстық сайлау комиссиясында тұрмыз. Бұл жерде сайлауға қатысқандар саны пысықталып жатыр. Жалпы аймақта 700-ге жуық сайлау комиссиясы бар. Онда 4 мыңнан астам комиссия мүшелері әлі де жұмыс істеп жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Бізде қазір қарбалас басталды. Өңірдегі 269 сайлау учаскесі есігін тарс жапты. Бәрінде дауыс санау басталды. Біз қазір нөмірі 90 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл жерде де жұмыс қызып жатыр. Комиссия мүшелері жәшіктің құлпын ашып, бюлетендерді реттеп жатыр. Тіпті олардың бізге қарауға мұршасы жоқ. Сонда да учаске төрағасын сұқбатқа тартайық. Өңірде дауыс беру құқығына ие 412 мыңнан аса адам тіркелген. Өткен сағаттағы соңғы ақпарат бойынша тұрғындар саяси науқанда өз таңдауын жасап үлгерді. ОСК-сы ешқандай заңбұзушылықтың болмағанын айтады.
Жандос Темірғали
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner