Жамбыл жеріне Маңғыстау облысынан құдалыққа барған 40 құда өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жамбыл жеріне Маңғыстау облысынан құдалыққа барған 40 құда өз таңдауын жасады

Жамбыл жеріне Маңғыстау облысынан құдалыққа барған 40 құда өз таңдауын жасады

Жамбыл жеріне Маңғыстау облысынан құдалыққа барған 40 құда өз таңдауын жасады. Қонақ боп келген құдалар «қыз бергеннің назынан бөлек науқаны да бар» дейді. Осылайша маңызды күннен тойшыл қауым да тыс қалмады. Ал Тараздағы саяси дода барысында ұлттық ойындар да ұмыт қалған жоқ. Сайлаушылар спорттық сайыстарға қатысып, бір сергіп қалды. Данияр Әлімқұл өңірдегі өзге де қызықты сәттерді шолып өтті. Жамбыл жеріне қыз берген маңғыстаулық меймандар қос тойды қатар атап өтеміз деп қуанышты. Назы бөлек құдалардың науқаны да ерек болып тұр. Сарысудың сері жігітін күйеу бала қылған қонақтар той тойлап жүріп, сайлауды да ұмытпапты.

Берік Нұрбергенов, Маңғыстау облысының тұрғыны:

Саяси науқаннан Қазақстанның болашағы, еліміздің жоғарылап, ілгерілей беруін тілеп, сондай үміттеміз, болашақта.

Ал Тараздық Есет ақын сайлауға келушілердің көңіл пернесін домбырасының ішегімен қатар қақты.

Есет Досалы, айтыскер ақын:

Сайлауда көрісіп бір табысыңыз. Жаңашыл депутаттар өту үшін, Маңызды бәріміздің дауысымыз. 

Данияр Әлімқұл, тілші:

Саяси науқан сайлау барысында салт-дәстүрлеріміз де ұмыт қалған жоқ. Ұлттық ойындар да ұйымдастырылып, асыр салып асық атқандар мен дойбы ойнап, күш сынасқандарды да көруге болады.

Ал алғаш дауыс берген 9 мыңнан астам тұрғынның ішінде Жания мен Сания есімді егіздер де бар.

Жәния Қонысбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

Қобалжып тұрмыз бір жағынан, бірінші рет сайлауға қатысқандықтан. Дауыс беріп, Қазақстанға өз үлесімізді қосқандықтан әрине, қуаныштымыз.

Жамбыл облысында 720 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Олардың жартысынан көбі түске дейін дауыс беріп қойды.

Данияр Әлімқұл


Автор
Редакция
Бөлісу