Жамбылдық тұрғын ауылдастарының 19 бас малын құмар ойынға салып жіберген
Құмар ойын құрдымға жіберді. Жамбылда құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген. Барымташылыққа барған 35 жастағы тұрғын әуелі жайылымда жүрген 6 бас ірі қараны ұрлайды. Ал он күннен кейін 13 жылқыны алдына салып айдап әкетеді. Қылқұрықтар ішінде бәйге аттары да бар.
Асылтұқымды арғымақтардың әрқайссының құны 2 млн теңгеден асады. Күдіктінің ұрлыққа барғаны мал базарда әшкереленді. Ол өз кінәсін бірден мойындаған. Ол қолды қылған жылқы мен сиырдың ақысын 10 млн теңгеге бағаланған құнымен толық өтеп берген. Айыпты азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner