Елде 200 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінен шығарылады
200 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінен шығарылмақ. Қазір бұл тізімде 647 мыңға жуық қазақстандық бар. 10 жылда кезекте тұрғандар саны 6 есе өскен. Негізі, жергілікті әкімдіктер баспанаға мұқтаж жандардың тізімін жыл сайын жаңартып отыру тиіс. Биыл бұл іске индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кірісті. Олар цифрлық даму, инновациялар және аэро-ғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, арнайы сараптама жүргізген. Бірқатар мемлекеттік органның ақпараттық базасын біріктіру нәтижесінде кезектегі 96 мың адамның соңғы 5 жылда, үйлі болғаны белгілі болды. 500-ден аса үміткердің азаматтығы болмай шыққан. 91 мың адам өзге аймақтарға көшіп кетіпті. Ал 29 мың азамат тұрақты түрде тіркелмеген. 15 мың адам қайтыс болған. Бірақ ешқайсысы тұрғын үй кезегінен алынбаған.
Бауыржан Қабдол, ҚР ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті төрағасының орынбасары:
Әкімдіктер жыл сайын тұрғын үйге мұқтаж жандардың тізімін жаңартып отырады. Себебі азаматтардың көбі өз бетінше баспана ала алуы мүмкін. Сөйтіп, кезекте тұру құқығынан айырылады. Басқа елдімекенге тұрақты тұруға көшіп кететіндер бар. Бұл жағдайда да мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйге мұқтаж бола алмайды. Осы себепті кезектен шығарылатын азаматтар мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға жетуі керек екенін түсінуі керек.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner