Аймақтарды қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді - Қанат Бозымбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Аймақтарды қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді - Қанат Бозымбаев

Аймақтарды қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді - Қанат Бозымбаев

Тасқын судан зардап шеккен аймақты қалпына келтіруге қажетті ресурстар бөлінеді. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осылай деді. Ол төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысып, әкімдермен, облыстық басқарма басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Вице-Премьер апаттық-құтқару жұмыстарын әрі қарай жүргізу, құтқарылған адамдарды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету, шығынды бағалау, бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қаракөз Тұрмағанбет

Бөлісу