Қазақстан Иранның Дамасктегі консулдығына жасалған шабуылды айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан Иранның Дамасктегі консулдығына жасалған шабуылды айыптады

Қазақстан Иранның Дамасктегі консулдығына жасалған шабуылды айыптады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иранның Сирия астанасы Дамасктегі елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды.

Мұндай әрекеттер дипломатиялық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады», - деп жазылған дипломатиялық ведомоство сайтында.

Айта кетсек, Иран елшілігі мен оның жанындағы консулдыққа дүйсенбіге қараған түні әуеден соққы берілді. Одан Меззе ауданында орналасқан ғимарат айтарлықтай қирап, Иран революциялық сақшылар корпусының жеті қызметкері мерт болды. Тегеран бұл шабуыл үшін Израильді кінәлап отыр. Алайда, қарсы жақ оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойнына алған жоқ.


Бөлісу