Сенаттың алғашқы төрағасы Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Хатта Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болғаны айтылған. Президент оның есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын жеткізген.
Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1995 жылы Сенат депутаты ретінде сайланып, тәуелсіз Қазақстан тарихында Парламент Сенатының алғашқы Төрағасы болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Осылайша, ұлттық парламентаризмнің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ағамыз алғашқы шақырылымнан кейін тағы үш шақырылымда сенатор болып, елге еңбек етті. Осы істің бәрінде Өмірбек Байкелдіұлы нағыз отаншылдықтың, ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.
Қайраткер қызметтен кейін де Сенаторлар кеңесінің мүшесі ретінде Палата жұмысына, жалпы ел өміріне белсенді араласты. Қазақтың тарихына түрен салып, терең зерттеді. Өткеніміздің бұрмаулауға түсіп, шындықтан алшақ жатқанын жиі айтып жүрді.
Сауытбек Әбдірахманов, журналист, қоғам қайраткері
1994 жылы Өзбекстанда Қазақстан мәдениетінің күндері өткенде бірге болған едім. Сонда өзбек ағайындардың Өмекеңнің ойлау жүйесі, терең білімі, жан-жақтылығы, әсіресе тарихты, Орталық Азия халықтарының тарихын терең білетіндігі шын мәнінде таң қалдырған еді.
Өмірбек Байгелді халқымызға бірлігін сақтап, ата-бабаның жолымен жүріп, тілімізді, дінімізді сақтай отырып, басқа халықтарға үлгі-өнеге болу - басты міндет екенін жиі айтып отыратын. Бір түсінігімде адам баласы бір-бірін жақсы көруі керек. Еш уақытта бір-біріне жамандық жасамауы керек. Жамандық ойламауы керек. Міне, әлем сонда өзгереді. Әлем сонда жөнделеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner