Е.Қарин: Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіріп, қауіптің бетін қайтара білді
Су тасқыны кезінде Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік органдар күш біріктіріп, қауіптің бетін қайтара білді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасына осылай деп жазды.
«Мемлекет басшысы мен Үкімет деңгейінде ұдайы жедел жиындар өтіп жатыр. Президент шалғайда қатты зардап шеккен өңірге барып, жапа шеккендерге қолдау көрсетті. Бұл жағдай біздің азаматтарымыздың ынтымағы мен жауапкершілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай белсенділіктің арқасында, біз төтенше жағдайларға тиімді қарсы тұрып қана қоймай, ел дамуының жүйелі мәселелерін шеше аламыз. Бірлік пен ынтымақ құндылықтары - мәдениетіміз бен діліміздің өзегі болып саналады. Осы құндылықтарды ұстану арқылы біз кез келген қиындықты жеңіп, елді жаңғырту жолында бірлесе жұмыс істей аламыз», - деп жазды.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner