Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Ақтөбе облысынан кейін Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барды. Таулы өңірлерді тікұшақпен аралап, су тасқыны қаупі бар аймақтардың жағдаймен танысты. Облыс әкімі апатқа қарсы іс-шаралар толығымен атқарылып жатқанын айтты. Бүгінде Шығыс Қазақстанның 70%-ын қалың қар басып жатыр. Ал су қоры нормадан 2 есе артық. Қауіп әлі сейілмеген. Олжас Бектенов сондықтан су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуіміз керек, деді. 

Бөлісу