Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.

Сондай-ақ, бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.  

Динара Жақыпбек

Бөлісу