Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Бішкекке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Бішкекке барды

Президент тапсырмасымен Үкімет басшысы қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды. Кездесуде Садыр Жапаров екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді. Тараптар өзара тауар айналымын 2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады. Олжас Бектенов Қазақстан 260 млн АҚШ доллары сомасына 195 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ вегетациялық кезеңде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерінің жұмыс режимдерін бекітудің маңызын атап өтті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Мемлекеттеріміздің басшылары екі ел арасындағы одақтастық, әріптестікті дамыту мен тереңдетуге ерекше мән береді. Негізгі мақсатымыз жоғары деңгейде қойылған із жүзінде толық және тиімді жүзеге асыру. Ағымдағы жылы біздің іс-қимылымыз екі жақты форматта да ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жаңа оң нәтижелерімен шешілетініне сенімдімін. Жалпы Қазақстан Үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін барлық мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын.

Тәуірбек Бозекен


Бөлісу