Түркиядағы нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты
Түркияның бірнеше қаласында нөсер жауын жауып, алапат дауыл соқты. Ғимараттардың шатырлары ұшып, кей жерлерде топырақ көшкіні болған. Үлкен қалаларда көшелерді су басып көлік қозғалысы қиындады.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияда ауа райы әлі де құбылмалы болып тұр. Соңғы екі күнде Түркияның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынды және қатты жел болды. Анкара мен Кония қалаларында алапат дауыл бірқатар ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Ал Чанкыры қаласында бір мешіттің мұнарасы қатты желге шыдас бермей опырылып түсті. Абырой болғанда мұнара адамдардың емес, ғимараттың үстіне құлаған. Мешіттің екінші мұнарасы да құлауы мүмкін деген қауіппен сол маңайда тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.
Шерхан Жамбылұлы
Ыстамбұлда топырақ көшкіні болғаны жайлы ақпарат шыққан еді, сол қаншалықты рас?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Ыстамбұлдың Газиосманпаша ауданында нөсер жауыннан соң топырақ көшкіні болып бірнеше үйге зақым келді. Топырақ басып қалу қаупі бар 30 үйден 100-ден аса тұрғын шығарылып, қонақ үйлерге орналастырылды. Бұдан бөлек теңізде биік толқындар көтерілуіне байланысты Ыстамбұлдан көршілес қалаларға қатынайтын кеме қозғалысы да тоқтатылды. Синоптиктер бүгін ертең Түркияның көп бөлігінде нөсер жаңбыр мен сұрапыл дауыл тағы да қайталануы мүмкін екендігін ескертті.
Айдос Әшімұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner