Қытайға экспортталған ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытайға экспортталған ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі артты

Қытайға экспортталған ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі артты

Қытай нарығында Қазақстанның экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуінде айтты.

Жалпы бір жыл ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 1,7 есеге өскен. Сондай-ақ Қытайға экспортталған отандық ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі 84%-ға артқан. Бұдан бөлек тараптар екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Лю Гочжун Қытайдың жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін жеткізді.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу