Ақтөбе облысында мұғалімдер заңсыз үстемеақы алып келген
Ақтөбе облысында, мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыттық деп көрсетіп, заңсыз ақша алып келген. Шындығында, ол балалар мектеп қабырғасында білім алған.
Хромтау қаласындағы бұл заңсыздықты, облыс прокурорлары анықтады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шағын шаһарда барлығы 117 мүгедек бала тіркелген. Оның 48-і үйде оқытуды қажет етеді. Алайда, білім беру ұйымдары осындай 6 баланың құқығын бұзып, оларды мектеп қабырғасында оқытқан. Сонымен қатар, 16 мұғалімге негізсіз қосымша ақы төлеген.
Өркен Ещанов Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі
«Аталған балалардың ата-аналарына 98 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қамтамасыз етіліп, мұғалімдерден 300 мың теңге көлемінде негізсіз төлем өндірілді. Мүгедек балалардың құқықтарын бұзуға жол берген кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды».
Жақсыбек Кемал
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner