«Ұсталып, қамалды». Жемқорлық схемалары
«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Соттың шешімімен ол 2 ай мерзімге қамалған. Жетісу облысының жемқорлыққа қарсы қызметінің түсіндіруінше, Дөңсебаев 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 миллион теңге бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соңғы уақытта әсіресе спорт, білім беру, денсаулық сақтау салаларында бюджет қаражатын жымқырғандар жайлы антикордың дерегі көбейді. Жол салу ол енді шегі жоқ «ән». Өткен аптада Мемлекет басшысы ғалымдармен кездескенде:
«...Ашығын айтсақ, жолдардың сапасы сын көтермейді әрі бұл мәселе жиі көтеріледі. Жол сапасының нашарлығына қатысты халықтың наразылығы орынды. Оның себебі көп. Ең бастысы- саланы жемқорлық жайлаған.
... Мәселен, Қызылорда – Жезқазған автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмысы бірқатар аймақтың, оның ішінде, жаңадан құрылған Ұлытау облысының дамуына тың серпін беруі керек еді. Бірақ жөндеу жұмыстары өте нашар жүргізілген. Халық ондаған жылдан бері жолдың жақсарғанын күтіп отыр.
...Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек. Жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес» деді. Несіне қайталай береміз, айналып келгенде коррупция біздің дамуымыздың басты тежегіші болып отыр.
Президенттің сол кездесуде «Жас әрі терең білімді азаматтар – ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші» дегені де шын. Алайда бюджет қаражатының жұмсау мөлдір болмай, нарықтық экономика деген атауы ғана,
Әйтпесе тек мемлекеттен қомақты қаржы құйылатын субъектілер ғана өркендейтін тәртіпті өзгертпей, заңсыз іс-әрекеттер мен белден басулар нормадан норма емеске айналмай, ұлтымыздың басты капиталы қоғамдағы оң өзгерістерді бастай алмайды.
Коррупциямен күресте радикалды жаза қолдануды айтатындар бар. Адам өлтірмесе де, істейтіндері сонымен тең қылмыс деп түсіндіреді. Бірақ өлім жазасын қолдану айылын жидырады дегенге сену қиын. Оны тіпті сондай жаза қолданатын елдердің жемқорлықты ауыздықтамағанынан көресің.
Амангелді Сейітхан айылын жимайтындардың қандай схемалармен жұмыс істейтіні және неге қорықпайтыны жайлы.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің дерегінше, былтыр спорт саласында жемқорлық фактісімен 12 қылмыс тіркелген. Ал биыл 3 айда - 39. Осы аптада «Жетісу» футбол клубының директоры ұсталды. Бірақ, тергеу жүріп жатқандықтан Антикор ақша қалай жымқырылғанын әзірге айтпады. Ал қоғам белсенділері бұл қалыптасқан классикалық әдіс, дейді.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
Нақты дәл осындай кейс болды. Қостанайдағы «Тобыл» футбол клубымен пандемия кезінде әр түрлі оқу-жаттығу жиындарына шет елдегі іс-сапарларға бөлінген қаражатты осылай игерді. Бірақ, біз білеміз пандемия кезінде елімізде ешқандай жарыстар немесе оқу-жаттығу шаралары өткен жоқ.
Сонда клуб ақшаны қалай игерген, шараның өткенін қандай құжаттармен рәсімдеген?
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
АКТ-те тек қана осындай қызметтер үшін 100-200 млн теңге ақша бөлінді деген ақпарат бар, қол қойылды. Болды. Ал ішінде не бар, қандай іс-шаралар, қанша адам шықты, қай жаққа шықты, құны қанша оны ешкім біле алмайды. Схеманы осылай ойлап тапқан.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
«Жетісу» футбол клубы директоры да осы тәсілді қолданған болуы мүмкін. Өйткені, «Тобыл» клубындағы жағдай сотқа жетпей қысқарған. Тіпті, мемлекеттік аудит 250 млн теңгенің қалай жұмсалғанына дәлел жоқ екенін анықтаса да. Міне, осыдан кейін басқалар қорықпауы мүмкін, дейді белсенді.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
Мүмкін тексеріс кезінде олармен де келісуге болады деген ниетпен жасаған шығар.
Дәулет Құлымбаев, «Әділдік жолы» РҚБ Алматы және Жетісу облыстарының жетекшісі:
Заңдағы олқылықтың, ақпараттық жүйелердің шикілігінен пробелдер дейді ғой заңнамада болып жатыр.
Сондықтан болар, ақша жеудің түрлі схемасы қалыптасқан.
Дәулет Құлымбаев, «Әділдік жолы» РҚБ Алматы және Жетісу облыстарының жетекшісі:
Сырт мемлекетке шыққан кездегі командировкалар кезінде де тізім бойынша, бұйрық бойынша спортшылар кетті. Бірақ та іс жүзінде олар мемлекет сыртқа шықпаған.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
Мемлекеттік мүлікті жеке компанияға береді және сол жеке компания мемлекеттік мүлікті мемлекетке қайтадан жалға береді. Мысалы, дәл осындай жағдай Шымкентте болған. Шымкентте мұз айдыны бар. Оны кезінде 200 млн теңгеге сатқан. Сосын соңғы 5-6 жылдың ішінде миллиардтаған ақша бөліп жалға алып жатыр
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Бұл спорт саласындағы ақша жеудің анықталған әдістері. Ал, ешкім білмейтіні қанша. Мысалы, Жемқорлыққа қарсы агенттік осы аптада дәрі-дәрмек мен медициналық жабдықтарды сатып алғанда болуы мүмкін жемқорлық қауіптерін айтты. Мысалы, елімізді кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен «СҚ-Фармация» ЖШС қамтамасыз етеді. Ал, компания дәрілерді шет елден сатып алу үшін өнімді жеткізушілерге тендер жариялайды. Мәселе сол тендердің қалай өтетінін де. Себебі...
Нұрбол Әбдірахманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Превенция қызметі басқарма басшысының орынбасары:
Әлеуетті жеткізушілер монополистер дейміз ғой, яғни таңдаулы. 10-15 шақты жеткізуші бар. Осылар өзара жаулап алған нарықты. Осы әлеуетті жеткізушілер бір-бірімен келісе бастайды.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
Мысалы, 3 жыл бойы 2 компания бір-бірімен ауыса отырып ұтқан. «Дексаксин» деген вакцина бар. 3 жыл бойы Қазақстан оны 13 мың теңгеден сатып алған. Бірақ, 2018 жылы дәл сол вакцинаны 8 мың теңгеден сатып алған. 5 мың теңге пайда, қылмыстық пайда. Ол ойға сыймайтын керемет бизнес. Олар қандай схемамен жасайды. Мысалы, Дубайда компания ашады. Дубай Санафи-Франциядан сатып алады вакциналарды. 8 мың теңгеге. Сосын Дубай компаниясы бізге Қазақстан компаниясына 13 мың теңгеге сатады.
Ал, Дубайдағы компания қолдан құрылған компания ма?
-Иә, Егер мысалы, «СК-Фармация» тікелей Санафиға хат жазса, вакцина 8 мың теңгеге түседі, мен сенімдімін.
Осы схема 5-6 жыл бұрын Украинада анықталыпты. Сонда олардың денсаулық сақтау вице-министрі жұмыстан қуылған. Ал, біздегі үнемделіп жатқан мемлекет ақшасын естісеңіз, күлкілі.
Нұрбол Әбдірахманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Превенция қызметі басқарма басшысының орынбасары:
Кейбір лоттар бізбен анықталды. 30 тиынға ғана төмендеген. Бұл миллиардтаған соманың аясында 30 тиынға төмендеу, ол өте ақылға тиімсіз жағдай.
Осылай тиындап төмендету есебінен жалпы құны 472 млрд болатын сатып алулардың 32 пайызында бар болғаны 26 мың теңге үнемделіпті. Ал, тендердің мақсаты бағаны түсіру екені түсінікті. Дегенмен...
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
«СК-Фармация» бізге жауап береді. Біз бағаларды реттемейміз, оны Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Сол бағалармен сатып аламыз.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Ал, дәрі жеткізушілер бағаны көтерудің түрлі жолын меңгерген. Мысалы, өзара келісіп, тендерге қатыспай қояды. Ешкім қатыспағасын «СК-Фармация» оларға хат жазады екен. «Қатысыңызшы» деп. Сол кезде бағаны көтереді. Тіпті, бекітілген «шекті бағадан» да асыруы мүмкін.
Нұрбол Әбдірахманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Превенция қызметі басқарма басшысының орынбасары:
«СК-Фармация» Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдайды. Осындай бағада біз сатып ала алмай отырмыз. Бағаны көтерулеріңізді өтінеміз деп. Олар бағаны көтеруге мәжбүр болады.
Құжат бойынша бәрі заңды. Тендерге қатыспағанына жеткізуші кінәлі емес. «СҚ-Фармация» да. Сонда мұндағы жемқорлық қаупі қандай?
Нұрбол Әбдірахманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Превенция қызметі басқарма басшысының орынбасары:
«СК-Фармация» тарапынан анализ жасалмаған. Неге, белгілі бір компаниялар ғана ұтып отыр. Неге осы уақытқа дейін сараптама жүргізбеген. Неге олар жүйелі түрде бас тартып отыр. Неге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кірген кезде біз айналдырған 2 айдың ішінде осындай жемқорлық тәуекелдерін анықтадық.
Біз осы сұрақтарды «СҚ-Фармацияға» жолдадық. Бірақ, хатты жұма күні жібердік. Сол себепті, баспасөз қызметі заң бойынша, алдағы аптада жауап береміз, деді. Ал, денсаулық сақтау саласында ақша ұрлаудың басқа жолы да көп.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
МӘМС жеке медорталықтарға ақшасын жібереді. Ал, сол компаниялар фейк қызметін көрсетеді. Мысалы, біз Дидар Смағұловқа 5 қызмет түрін көрсеттік. Соның ішінде екіқабат әйелдің қызметі болуы мүмкін. Осындай фактілер болды.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Соған жол бермес үшін «фэйс-айди» немесе «саусақ таңбасын» енгізу ұсынылып отыр. Яғни, саланы цифрландыру. Өйткені, жоспарлау жүйесінде интеграция болмағасын медициналық жабдық сатып алу да дұрыс өтпейді екен. Мысалы, жергілікті емхана компьютерлік томографияға тапсырыс береді. Бірақ, ол шынымен қажет пе, сатып алынғасын жұмыс істеп тұр ма? Оны денсаулық сақтау басқармасы білмейді, мүмкін білгісі келмейді.
Нұрбол Әбдірахманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Превенция қызметі басқарма басшысының орынбасары:
Келісуі де мүмкін. Әлеуетті өнім берушілермен алдын ала. Делдал алдын ала кеп айтуы мүмкін бас дәрігер болсын, денсаулық сақтау басқарма басшысы болсын, менде осындай дәрі бар, осындай бағада өткізейін деп едім, осы бағада маған өтініш беріңіз деп.
Сондай негізсіз алынған жалпы құны 2,4 млрд теңге болатын медициналық техникалар 8 облыста босқа тұр. Ал, Қарағанды облысында есептен шығарылған 520 техника қолданыста.
Осындай жағдайды реттеу үшін цифрландыру қажет-ақ.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Бірақ, осы аптада сол цифрландыруға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған қызметкер сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігі: «Ол компьютерлік технологиядағы терминологияны қолданған»,-деді. Ол қандай әдіс десеңіз...
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры:
Мысалы, біз бір қызметке атау береміз осындай-осындай жұмыстарды жасау деп. Келесі жылы да дәл сол жұмысқа қиын сөздермен жазады. Ол қайтадан өтеді сатып алудан. Және сол компания ұтады, осындай жұмыстарды жасадым деп құжат береді, бірақ расында ештеңе жасамаған. «Цифрлы Қазақстандағы» өте бір керемет кейстардың бірі. Өйткені, «ҚазАтомПромда», «Қазақстан темір жолында» осындай жобалар бар. Бірақ, оны ешкім аяғына дейін жеткізген жоқ.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Негізі, цифрландырудың бір мақсаты - жемқорлықты жою. Екінші жағынан сол арқылы ақша жеудің жаңа әдісі шығып жатыр. Ал, Дидар Смағұловтың сөзінше, қазір ашылып жатқан істер бұрын болған жағдайлар. Алдағы уақытта жемқорлық азаюы мүмкін. Өйткені, соңғы жылдары күрес күшейген. Енді тоқтатпау керек. Жемқорлар «өзіңмен күрес өлгенше» дегенді түсінгенше.
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
