«EURO 2024»: Топтық кезеңдегі екінші тур басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «EURO 2024»: Топтық кезеңдегі екінші тур басталады

«EURO 2024»: Топтық кезеңдегі екінші тур басталады

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі екінші айналым басталады. Жанкүйерлер алдымен «В» тобындағы бір ойынды, одан кейін «А» тобындағы екі ойынды тамашалайды. Біздің уақыт бойынша, кешкі сағат 17:50-де Хорватия-Албания матчын «Qazsport» арнасы көрсетеді.

Ал кешкі 21:50-де Германия мен Венгрия құрамалары кездеседі. Бұл матчты Ұлттық арна да, «Qazsport»-та трансляциялайды. Түнгі 23:50-ге белгіленген Шотландия мен Швейцария кездесуін «Qazsport»-тан көре аласыздар.

Қаракөз Тұрмағамбет


Автор
Редакция
Бөлісу